31
октябрь
2022
2022 жылдың 27 қазан күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
5-6 сынып оқушыларының республикалық
олимпиадасының мектепішілік кезеңі
2022 жылдың 27 қазан күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, ғылымға еркін бойлайтын жастарды қалыптастыратын ең үлкен бағдарламалық бәсеке. Олимпиада - баланың ғылымға ғана көзқарасын қалыптастырып қоймай, болашаққа деген нық сенімін орнатып, өзіне деген сенімін нығайтып, биік мақсаттар қоя алатын тұлға тәрбиелеудегі тамаша дағды. Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, математика, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, жаратылыстану, ағылшын тілі. Пәндік олимпиадаға 107 білім алушы қатысты. Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар І,ІІ,ІІІ орындарды иеленді. Атап айтқанда, І орынды 20 оқушы, ІІ орынды 26 оқушы, ІІІ орынды 38 оқушы алды. І орын алған оқушылар мектеп намысын аудандық кезеңде қорғайды. Оқушыларымызға жеңіс және сәттілік тілейміз.