01
июнь
2022
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылды.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылды. Жазғы мектеп жағдайында білім алушылардың оқыту сапасын арттыру, біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру арқылы күрделі тақырыптарды игеруге көмектесу маңызды болып табылады. Мектеп кітапханаларында, цифрлық білім ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілген және педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқыту технологияларын қолданады. Балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20 минуттық кітап оқу 3-сабақта өткізіледі. Кітаптардың мазмұнын топпен талқылап, кейіпкерлерге талдау жасап, түсініп оқуға үйретеді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері жаттығулар, қозғалмалы ойын спорт түрлерінен - волейбол, баскетбол, футбол ойындарын ұйымдастырады. Жазғы мектеп оқушыларға сүйікті істерімен емін – еркін айналысуына да зор мүмкіндік береді.