"Информатика мен математика әлеміне саяхат" тақырыбында осы әдістемелік бірлестіктердің айлығының ашылу салтанаты өтті. » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Информатика мен математика әлеміне саяхат" тақырыбында осы әдістемелік бірлестіктердің айлығының ашылу салтанаты өтті.
31
март
2022

"Информатика мен математика әлеміне саяхат" тақырыбында осы әдістемелік бірлестіктердің айлығының ашылу салтанаты өтті.

Наурыз айында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Информатика мен математика әлеміне саяхат" тақырыбында осы әдістемелік бірлестіктердің айлығының ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: оқушылардың информатика мен математикаға  қызығушылығын, оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отансүйгіштікке, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.  Аталған іс-шарада ән шырқалып, өлең оқылып, оқушылар белсенділігін, ұстаздар шығармашылық шеберліктерін көрсете білді.  Информатика мен математика пәндерінің әдістемелік бірлестігі айлығының ашылу салтанатына орай өткізілген іс-шара көпшіліктің көңілінен шықты.
6 «А» сыныбында «Сандарды енгізу және шығару» тақырыбында Оразова А.Т.  ашық сабақ өткізді.
Сабақта көптеген жаңа әдіс тәсілдер пайдаланды. Сабақ сыныпта психологиялық ахуал тудырудан басталды. Мұғалім әр оқушыға өзінің тілек жазылған күннің сәулесі пішіндес фигураны таратты. Үй тапсырмасын «Шеңбер әдісі» арқылы тексерді.  Оқушылар «Мозайка әдісі» арқылы 2 топқа бөлінді. Жаңа сабақты оқушылар постер қорғау арқылы түсіндірді. Мұғалім қосымша сұрақтар қойды. «Ойды жалғастыр» әдісі арқылы дәптермен жұмыс жасады. Компьютерде практикалық жұмыстар орындады. «QR код» қолдану арқылы тапсырма орындады. «Кім шапшаң» әдісі арқылы интерактивті ойындар ойналды. Сабақты қорыту үшін оқушылар «Lerningapps»  платформасында онлайн тапсырма орындад. Қорытындысын  Whatsapp  арқылы мұғалімге жіберді.   
  Аскерова Р. Х. 4 "Д" сыныбында "Инфознайка" сыныптан тыс іс-шарасын өткізді.
Іс-шара 7 турдан тұрды:
1. Сергіту сәті.
2. "Сөздер тізбегі"байқауы.
3. Слайдтардағы кроссворд.
4. Компьютердегі мәтіндік редактор.
5. Жұмбақтар.
6. Қорытындылау.
7. Марапаттау. Бірінші турда шағын жаттығу болды, әр бір топ өз командасының атын, эмблемасын және ұранымен таныстырды.
Екінші турда командалар келесі ережені сақтай отырып, аталған сөздерді тәртіппен орналастырды: келесі сөз алдыңғы сөзбен аяқталатын әріптен басталады.
Үшінші турда кроссвордтар табылды.
Келесі тур компьютерге жүктелген өлеңнен тұрды. Балалар болашақ компьютерлік данышпандар ретінде өлеңді қалпына келтіруге мәжбүр болды. Бұл жұмысты тезірек және сауатты орындаған оқушы жеңеді.
ДК-де өлең жүктелген, онда кейбір әріптер жоқ. Жетіспейтін әріптерді салыңыз.
Келесі байқауда жұмбақтар анықталды.
Командалар белсенді болды, жақсы жауап берді және тапсырмаларды шешті. Информатика пәнінен жақсы білімдерін көрсетті. Мұғалім осы іс-шараның мақсатына жетті.
   
Отарбаева А.А. 6 «Б» және 6 «В» сынып оқушылар арасында «Знатоки информатики» атты сабақтан тыс зияткерлік сайыс өткізді.
Аталған зияткерлік сайыс келесі кезеңдер болды:
1.    «Разминка» сайысы.2.    «Разгадай-ка» сайысы.3.    «Шифровальщик» сайысы.4.    «Отгадай-ка» сайысы.5.    Капитандар сайысы6.    Көрерменмен ойын7.    Қорытындылау8.    МарапаттауСайысты бастаған «Келіңіз, танысайық!» атты байқау, бұл сынақта әр бір сынып өз командасының атын, эмблемасын және ұранымен таныстыру керек. Әділқазылар байқауды 5 балмен бағалап отырды.
Келесі байқау «Разгадай-ка»,  слайдта 5, 10, 15 баллмен белгіленген сұрақтар орналасқан. Әрбір команда өзіне ұнаған ұпайды таңдау арқылы сұраққа жауап береді,  дұрыс жауаптың ұпайы қоржына түсіп отырды.
    Келесі «Шифровальщик», бұл байқауда бұрыс жазылған сөйлемдерді қалпына келтіру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай берілді.«Отгадай-ка» байқауында әрбір топ ұсынылған ребустарды шешіп, дұрыс жауаптарымен таныстыра шықты. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай берілді
Аида Абеновна осы сабақтан тыс іс- шараға өте қызықты, зейінді ашатын тапсырмаларды дайындап, оқушылардың қызығушылығын арттыра білді.
Сонымен қатар, мұғалім көрермендермен ойын жүргізді.
Оқушылар байқау кезеңдерінен сүрінбей өтіп, мәресіне жетті. Сонымен, 102  ұпаймен 6 «В» сынып оқушылары бірінші орынды иеленді, ал 6 «Б» сынып оқушылары  79 ұпаймен екінші орынды болды.
Осындай  зияткерлік байқауды өткізе отырып мұғалім оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығың арттыру мақсатына жетті.
   4 «А» сыныбында «Презентациядағы анимация» тақырыбында Кобегенова А.Н. ашық сабақ өткізді.
Сабақта көптеген жаңа әдіс- тәсілдер пайдаланды. Сабақ сыныпта психологиялық ахуал тудырудан басталды. Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, тілектерін білдірді. Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы тексерді.  Оқушылар «Атом, молекула» әдісі арқылы 2 топқа бөлінді. Жаңа сабақты оқушылар «Insert» әдісі арқылы дәптерлеріне қажетті ақпаратты түртіп, жазып отырды. Мұғалім қосымша сұрақтар қойып, «Ия, жоқ» ойыны ойнатылды. Компьютерде практикалық жұмыстар орындалды. Әр топқа тапсырмалар берілді. Сабақты қорыту үшін оқушылар https//wordwall.net/play/10781/246/84 ссылкасын ашып, кестеден тақырыпқа байланысты атауларды тапты.  Мұғалім қорытынды сұрақтар қойды.  Мұғалім мақсатына жетті.
      9 "В" сыныбында О. В. Александрович  "Массивтермен жұмыс" тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақты оң көзқараспен бастады, сабақта оқушылар 4 топқа бөлінді. Миға шабуыл барысында оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап берді. Оқушылар сабақтың теориялық материалын презентация түрінде қорғады. Кейін оқушылар Python бағдарламалау тілінде топтарда есептерді шешті. Оқушылар жұмысқа белсене қатысты. Көптеген балалар тапсырмаларды дұрыс орындады. Әрі қарай мұғалім оқушылармен сабақты қорытындылады. Кері байланыс бойынша оқушылар сабаққа "Сәттілік баспалдақтары" түрінде берді. Сабақ оң психологиялық микроклиматта өтті. Оқушылармен қарым-қатынас сипаты мейірімді.
    Информатика пәні мұғалімі Е. Н. Авдонькина     5 "Б" сыныбында сыныптан тыс "Лабиринт" іс-шарасын өткізді.
Іс-шара 9 турдан тұрды:
1.    Командаларды ұсыну2.    Семафорлық Әліппе3.    Табыңыз сөздер.4.    Капитандар сайысы.5.    Көрермендермен ойын6.    Кім көп?7.    "...ДК..."8.    Ребустар.9.    Бір байламдаБірінші турда командалар өздеріңді таныстырды.
Екінші турда командалар шифрлау кілтін пайдаланып, шифрланған сөздерді тапты.
Үшінші турда командалар кестеден әріптермен сөздерді тапты.
Төртінші тур-капитандар сайысы. Капитандар ұсынылған алгоритм бойынша графикалық диктант жазды.
Бесінші турда  көрермендермен ойын өтті. Көрермендер жұмбақтарды шешті. Жиналған ұпайлар командаларға берілді.
Алтыншы турда " Кім көп?" «информатика» сөзінің әріптерінен сөздерді құрастырды.
Жетінші турда  ДК аббревиатурасы бар сөздерді тапты.
Сегізінші турда  ребустарды шешті.
Тоғызыншы турда кестеден таңдап, сөздерді мағынасы бойынша байланыстыру керек болды.
Топтар барлық ұсынылған тапсырмаларды орындап, белсенді жұмыс жасады. Мұғалім мақсатқа қол жеткізді. Оқушылар информатика пәнінен жақсы білімдерін көрсетті.
    Карымсакова Д.Б. «Оқытуды даралау құралдары» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныбына мектебіміздің пән мұғалімдері қатысты.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты:  мұғалімдерге оқушының мінез-құлық стилін тануға, ажыратуға көмектесу, оның қай типке жататынын анықтауға үйрету, содан кейін оқушымен қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын үйрену.
Шеберлік сабағында  қызықты  мультимедиялық презентациялар қолданылды, мұғалімдерге аудио және бейнематериалдар көрсетілді. Шебер сынып барысында адамдардың типтері мен олардың қарым-қатынас стилі туралы айтылды.
Мұғалімдерге балалардың типін дұрыс анықтауға арналған іс-әрекеттер тізбегі сызбалық түрде ұсынылды, оқу процесін дараландыруға мүмкіндік беретін тиімді құралдар көрсетілді. Мұғалімнің басты міндеті – балаларды жақсы түсіну, оларды оқуға ынталандыру жолдарын табу, ол үшін олардың қандай мінез-құлық типіне жататынын түсіну өте маңызды. Осыны біле отырып, біз оларға ақпаратты әлдеқайда тиімді жеткізе аламыз және олармен дұрыс байланыс орната аламыз. Шеберлік сыныбына 18 мұғалім қатысты.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив