14
март
2022
«Қыз сыны- 2022»
2022 жылдың 11 наурыз күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында Наурыз мерекесіне орай 9 сыныптар арасында атты байқауы өткізілді. Байқау төрт кезеңнен өтті: Таныстыру, мәнерлеп оқу, сахналық көрініс, өз өнерлерін көрсету. Әр кезең 1 ден 5 -ке дейін шкала бойынша бағаланып, 6 әділқазы алқалары құрамын құрады. Байқау өте әділетті түрде өтті. Барлық қатысушы қыздарымыз өз өнерлерімен тамсандырып, өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді. Байқаудың нәтижесінде бас жүлдені 9 «А» сынып оқушысы Тоқберген Адема иеленді. І орынды- 9«В», 9«Ә», ІІ орынды- 9«Б», 9«Е» сыныптары иеленсе, ІІІ орынға- 9«Ж»,9«З» және 9«Д» сыныптары лайықты болып саналды.