18
декабрь
2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында республикалық «Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ең үздік оқырман" байқауы өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында республикалық «Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ең үздік оқырман" байқауы өтті. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Байқаудың алғашқы кезеңіне 5-11 сынып оқушыларынан 88 оқушы қатысып, ақтық сайысқа 28 оқушы іріктелді. Жас оқырмандарымыз оқыған шығармалары бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды» әділқазы алқасы анықтап, " Меркі ірімшік зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Айтуленов Дастан Тұрсынұлы демеушілік жасады. Атап айтқанда, Бас жүлдені 7"Ә" сынып оқушысы Амангелді Гүлназ жеңіп алып, велосипед иеленсе, 1-орынды 8"Б" сынып оқушысы Власова Владислава, 2- орынды 5"Ә" сынып оқушысы Еңсебек Әлішер "Абай жолы " роман - эпопеясының 4 томдық кітаптар жинағымен, 3-орынды 7"З" сынып оқушысы Сулейманова Мадина шахмат тақтайшасымен марапатталды. Жас оқырмандарымызды жеңістерімен құттықтап, жеткіншектерімізді кітаппен дос болуға шақырамыз!