09
февраль
2022
«Жыр алыбы-Жамбыл» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы өтуде. Іс- шара жоспарына сәйкес 2022 жылдың 4 ақпанында 9-сыныптармен пән мұғалімі Айдарбекова Индира және Қасенова Мадина «Жыр алыбы-Жамбыл» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға Жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексерді. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру арқылы дамыта түсті. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіріп өтті.