20
декабрь
2021
Елбасының сыйлығы.
Елбасының сыйлығы.
Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының 11-сынып оқушысы Байкеңес Нұрсұлтан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өзінің жылы лебізін, ізет - құрметін көрсетіп, алғыс хатын жолдаған болатын. Көп күттірмей Елбасыдан жауап хат келді. "Айналайын Нұрсұлтан" деп басталған хатта "Жас та болсаң, ақыл тоқтатқан саналы азаматтың көзқарасын аңдататын ой-пікірлеріңе ризашылығымды білдіремін. Еліміздің бизнес және экономика саласын дамытуға атсалысып, кәсіппен айналысқың келетін игі ниетің қолдауға тұрарлық" деп жазып, өзінің "Жылдар мен ойлар" атты кітабына қолтаңбасын қойып, сыйлық ретінде жіберіпті. Осындай ерекше сыйлықтың иесі Нұрсұлтанның қуанышында шек жоқ Еліміздің ертеңі үшін терең білім алып, сол білімді халқының қажетіне жарату - Нұрсұлтанның басты арманы. Елбасының кітабы жарқын өмірінің темірқазығына айналғандай. Нұрсұлтанның көздеген арман-мақсаттарына жететініне, еліне адал қызмет ететін парасатты азамат боларына сенеміз!!!