18
декабрь
2021
Тұғыры биік Тәуелсіздік
Тұғыры биік Тәуелсіздік
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп мұғалімдеріне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты кеш болды. Мектеп директоры Тлеубердиева Г.Е мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, еліміздің білім саласына үлес қосқан ұстаздар қауымын грамоталармен марапаттады. Кеш жас ұстаздардың орындауындағы халық әндерімен және «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбындағы театрландырылған көрініспен жалғастырылды. Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келген жоқ. Сонау Қазақ хандығынан бастау алып, Желтоқсан жаңғырығымен аяқталған тегеурінді жолда хандарымыз бен асылдарымыздың еңбегі өлшеусіз. Біз олардың жүріп өткен жолын, еліміздің тарихын білуіміз қажет. Осы мақсатта қойылған көрініс барысында Керей мен Жәнібектің (тарих пәнінің мұғалімдері Тұрсынов Ж.Е, Абашев М.С), Абылай ханның (ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Базарбаев Е.Б), Кенесары Қасымұлының (математика пәнінің мұғалімі Сапиев Н.О), Әлихан Бөкейхановтың (география пәнінің мұғалімі Нәдірқұл Н.М), Мұстафа Шоқайдың (география пәнінің мұғалімі Досым Ә.Т), Қайрат Рысқұлбековтың (математика пәнінің мұғалімі Шора Д.Д) , Н.Ә.Назарбаевтың (ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Көбегенов Ғ.Қ) образдары сомдалды. Кеш соңында «Мен қазақпын» патриоттық әні хормен шырқалды. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!