03
декабрь
2021
Біздін жетістіктеріміз
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2021 жылдың қыркүйектің 10-ы мен қазанның 20-сы аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала өркениеттері» байқауы өткен болатын. 10 бөлімнен тұратын байқаудың мақсаты: Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығын қайта жаңғыртуға тарту. Байқауда Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының ұстаздары мен оқушылары, ата-аналары бірлесе атсалысып, І орынды жеңіп алып, 1 000 000 теңгенің жүлдесіне ие болды. Бүгін осы байқауды ұйымдастырған «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Исламбек Дастан мектепке келіп, ұстаздар мен оқушыларды осы жеңістерімен құттықтап, Дипломмен марапаттады. «Ақыл керек білім таңдап аларға, Білім керек жақсы іске қарауға» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, Исламбек Дастан оқушыларды ұлттық құндылықты бойына сіңірген білімді азамат болуға шақырды. Кездесу соңы ашық диалогқа ұласып, шабытты күймен өрілді.