Буккроссинг
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы
Ақпарат
29.11.2021 ж. Мектеп кітапханасының фойесінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Букроссинг» өтті. Оқы және өзгеге сыйла"атты буккроссинг акциясы мектеп кітапханасында мұғалімдер мен оқушылардың ат салысуымен өткізілетін акция.
Мақсаты: Бұл акцияның негізгі мақсаты мектеп кітапханасындағы кітап қорын молайту және байыту. Сонымен қоса игі іс жасау ,яғни өзіңіздің сүйіп оқыған кітабынызды басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік беру. Бұл акцияның ерекшелігі ешқандай оқырманға формуляр ашылмайды және акцияға берілген кітапты алған оқырман өзінің қашалықты кітапқа жауапты екенін білу керек. Яғни кітапты кері қайтаруы.
Буккроссинг» мектепте:
Мектептің бірінші қабатында «Bookcrossing» кітап сөресі орналасқан. Балалар, оқушылар кітапты қоя алады және әлбетте, оның жаңа оқырмандары табылады. Сөремізден кез келген кітапты алып, ал оқыған соң оны өзінің достарына немесе таныстарына оқуға бере алады. Сондай-ақ балалар өзінің оқыған кітаптарында буккроссингке қатысу үшін әкеле алады. Дегенмен, балалар жаңа қызықты шығармалар: тарихи романдар, өлеңдер жинағы немесе детективтер акелу мүмкін. Буккроссинг адамдарды, балаларды оқуға және кітаптарға деген көзқарасын өзгертеді. «Буккроссинг» былтырдан бастап өттіп жатыр.Оқушыларға өте ұнайды, қызықты. Жыл сайын мектепте « Кітап сыйла»акциясы өтіп тұрады.
Оның барысы: «Оқыдың ба – басқаға бер» қағидасына негізделген қарапайым әрекеттерден тұрады. Адамдар, балалар өз кітаптарын кез келген ниет білдірушілерге олардың оқуына қалдырады. Барлық қалдырылған кітаптар тегін. Буккроссинг – бұл кітаптарға екінші өмір берудің және сонымен қатар, бірнеше ағаштың сақталу тәсілі.
«Bookcrossing –тің » ережелері:
1.Өзіңіздің сүйікті немесе оқыған кітабыңызды сөреге қойып, достарымен бөлісіңіз.
2.Сізге ұнаған кез-келген кітапты еркін алып оқуыңызға болады. Ол үшін кітапты кітапхана арқылы тіркеудін қажеттігі жоқ.
3. Кітапқа мұқият қараңыз: жыртпаңыз, беттеріне жазу жазбаңыз, қажет болса мұқабамен қаптап, желімдеп қойыңыз.
4. Кітапты оқып болган соң досыңызға оқуға ұсыныс беріңіз немесе сөреге қайтадан апарып қойыңыз.
5. Сөреде сенің сүйікті кітабың болмаса, – оны өзін әкеліп қос. Сіздер басқа адамдарға оқуға ұсынғыңыз келген кітаптарды таңдау үшін, үйлеріңіздегі кітапханаға жақындап әрбір сөрені қарайсыздар. Тандау жасалып болған соң, кітап «Қауіпсіз сөре» деп аталатын сөреге қойылады. Ол жерден сіз жаңыңызға жақын кітапты таңдап алуыңызға да болады. Ол кітапты оқып болған соң досыңызға оқуға беріңіз немесе «Қауіпсіз сөреге» қайтадан апарып қойыңыз. Өте маңызды: Кітаптар кеңістікте саяхаттап жүреді, бір қолдан басқа қолға түседі, демек, өмір сүруді жалғастырады.
Кітапханашылар: Медеуова Б
Нусупова Б