25
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қазақ халқының ұлттық қолөнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға, оқушыларды әсемдікті тани білуге, эстетикалық ой-өрісін дамытуға, адамгершілік тәрбие беру мақсатында "Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі" атты тақырыбында мекьепішілік көрме ұйымдастырылды. Көрмеге мектеп оқушыларының ұшқыр ойынан, бала қиялының асқақ арманы бейнеленген өнер туындылары мен ұлттық кодымызды айқындайтын қолөнер, зергелік бұйымдары қойлды. Қазір біз ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырта бастадық. Қолөнер-халқымыздың қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын терңге жайып келе жатқан мұрасы. "Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық" деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Көрмеде оқушылардың тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою таңбалары, алаша, кілем, тағы басқа заттарға жүннен, тоқыма жіптерінен бейнеленген түрлі мүсіндер көздің жауын алады. Ою-өрнек тарихына көз жіберсек, халқымыздың даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері-өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Көрмеге аудандық маслихат депутаты Мамикова У. О. қатысты. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті.