14
май
2026
«Жүрек жылуы»


✅2026 жылдың 13 мамыр күні 11-сынып оқушыларымен «Жүрек жылуы» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, өзара сыйластық пен сенімді нығайту, эмоционалдық қолдау көрсету дағдыларын дамыту болды.
📌Іс-шара барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығуларға қатысып, жылы лебіздер айтып, бір-бірімен жағымды қарым-қатынас орнатты. Тренинг оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, достық пен мейірімділіктің маңызын терең түсінуге ықпал етті.
📍Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне ізгі тілектерін арнады. «Жүрек жылуы» тренингі оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұжымдағы ауызбіршілік пен татулықты арттыруға өз үлесін қосты.