04
февраль
2022
"Балаға жүрек жылуы" тақырыбында 9 "Ә" сыныбымен пән мұғалімі И.Ш. Суюндикова сынып сағатын өткізді
2022 жылдың 2 ақпан күні Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында "Өзін өзі тану " бағдарламасының авторы Сара Алпысқызына арналған "Балаға жүрек жылуы" тақырыбында 9 "Ә" сыныбымен пән мұғалімі И.Ш. Суюндикова сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Дүниедегі жақсылық атауының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімділігінен тарайтынын ұғындыру.