“Көңілді мәре” » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
апрель
2026

“Көңілді мәре”



🔰2026 жыллың 24 сәуірінде Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 10 “А”, 10 “Ә” сынып оқушылары арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында “Көңілді мәре” атты спорттық жарыс өткізілді.
📍Аталған іс-шараға оқушылар белсене қатысты.
Жарыс ұлттық ойын элементтерімен ұйымдастырылып, қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Атап айтқанда: арқан тарту, аударыспақ , теңге алу, оқтау тартыс, сұр мерген, шеңберден шығару, ақ сандық- көк сандық, бұқа тартыс сияқты ойындар өткізілді. Әр кезеңде оқушылар ептілік, шапшаңдық, күш-қайрат және тапқырлықтарын көрсетті.
Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар ұлттық ойындарға ерекше қызығушылық танытып, белсенділікпен қатысты. Жарыс барысында ұйымшылдық, достық қарым-қатынас және әділ бәсеке байқалды. Көрермендер де қатысушыларға қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша командалар марапатталып, мақтау қағаздары табысталды.
Қорытындылай келе, “Көңілді мәре” жарысы оқушылардың дене шынықтыруға қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық ойындарымызды дәріптеуге үлкен үлес қосты. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив