19
март
2021
Наурыз – нағыз жыл басы, күн мен түн теңелген күн!
Қазақ халқы ежелден әз-Наурызды жыл басына санаған, Ұлыстың ұлы күніне балаған. Наурыз – нағыз жыл басы, күн мен түн теңелген күн! Себебі шуағын шашқан көктемнің нұрлы шапағаты Наурызбен бірге тіршілікке шаттық сыйлайды. Қыстың қаһары қайтып, жер-жаһан қайта түлейді. Дүние жаңарады. Осындай мереке қарсаңында Иван Трубицын атындағы 17 ЖОББМГ аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалау, бордюрлерді бояу, қоқыстарды шығару және басқа да жұмыстарға мектеп техперсоналы жаппай кірісіп айналаның сәнін келтірді.