17
апрель
2026
Математика пәнінен ашық сабақ

🔰Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының Жас мамандар апталығында мектебіміздің жас маманы Майсуп Әділет Жаныбекұлы 6 «Б» сыныбына математика пәнінен ашық сабақ өткізді.
📍Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіруде көрнекі құралдарды тиімді пайдаланып, оқушылармен белсенді кері байланыс орнатты. Оқушылар топтық және жеке жұмыстар арқылы өз білімдерін көрсетті. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді.