21
апрель
2026
Биология пәнінен ашық сабақ

📗 Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 7 «А» сыныбында биология пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақты жас маман Таубай Ұлбосын Пердебекқызы жүргізді.
📌 Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен».
🌱 Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіруде көрнекі құралдарды тиімді пайдаланып, оқушылармен белсенді кері байланыс орнатты.
🔬 Практикалық бөлімде «Өсімдіктердегі вегетативті көбею тәсілдері» тақырыбында зертханалық жұмыс жүргізіліп, оқушылар өз білімдерін тәжірибе арқылы бекітті.
✨ Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, топтық және жеке жұмыстар арқылы өз білімдерін көрсетті. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді.