03
февраль
2026
“Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге” тақырыбында ашық сабақ

📚2026 жылдың 03.02.2026 күні мектепішілік жоспарға сәйкес педагог-сарапшылардың ашық есік күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Когабаева Балнур Дауреновна 5 «Д» сынып білім алушыларымен “Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
✨Сабақ барысында «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу, «Гүлдер» әдісімен жаңа тақырыпты ашып, ұлттық теңгенің шығу тарихымен танысты, сөздікпен жұмыс, айтылым мен оқылым тапсырмалары, топтық постер қорғау ұйымдастырылды.
Білім алушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Бөтелкедегі сөз» әдісі, Wordwall платформасы арқылы интерактивті тапсырмалар, сондай-ақ «Асық» әдісімен кері байланыс тиімді қолданылды.
Сабақта заманауи әдіс-тәсілдер арқылы білім алушылардың қызығушылығы мен қатысу белсенділігі жоғары деңгейде болды.