16
апрель
2026
ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН АРТ-ТЕРАПИЯ

✨ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ БАРЫСЫНДА: ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН АРТ-ТЕРАПИЯ ✨
Мектебімізде өтіп жатқан «Жас мамандар апталығы» аясында ұстаздар қауымына арналған жылы әрі шабыттандырушы арт-терапиялық кездесу ұйымдастырды жас мамандар. 💫 Бұл — асығыстық пен сыннан ада, әркім өз ішкі әлеміне үңіліп, шығармашылық арқылы тыныс алған ерекше кеңістік болды.
Қатысушылар сенім мен қолдау атмосферасына бөленді:
🎨 Сурет салу арқылы өз эмоцияларына «жан бітірді»;
🧘♀️ Қимыл мен дыбыс терапиясы арқылы денені кернеген ауырлықтан арылды;
🗑 «Қоқыс шелегі» тәжірибесі арқылы іштегі мазасыздықты босатты;
🌿 Бойына жаңа күш жинап, ішкі үйлесімділік тапты.
Мұндай кездесулер, әсіресе ұстаздарға, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға және жаңа ортаға бейімделуге үлкен көмек береді ❤️ Ұйымдастырушы жас мамандар: - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Айбасова Мадина мен Қосымжан Малике,
- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қазбек Жансая
- тарих пәнінің мұғалімі Жұман Олжас.