«Үздік жас маман-2023» » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік жас маман-2023»
06
март
2023

«Үздік жас маман-2023»

«Үздік жас маман-2023» байқауы

   Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында мектепішілік «Үздік жас маман» байқауы өтті. Байқаудың  мақсаты: жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру. Жас педагогтердің әдістемелік деңгейін жетілдіруде, инновациялық және эксперименталдық жұмыстарда дербестігін және кәсібилігін арттыруда байқаудың алар орны ерекше. Жас мамандар заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі туралы және өзінің кәсіби іс-тәжірибесін көрсетіп,  шығармашылық жұмысымен таныстырды. Байқау қорытындысы бойынша математика пәнінің мұғалімі Шора Д.Д. І орынды, орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайыпжанов Р.С. ІІ орынды, география пәнінің мұғалімі Нәдірқұл Н.М, мектепалды даярлық тобының мұғалімі Садыққызы Н ІІІ орындарды иеленді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тажиева Ғ.М. «Ізденімпаз ұстаз» номинациясымен, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманова А.Қ. «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Асипбек М.К. «Талантты ұстаз» номинациясымен марапатталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив