02
декабрь
2022
"Педагогикалық идеялар фестивалі"
Педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіру, кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімнің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында мектепішілік "Педагогикалық идеялар фестивалі" болып өтті.Әр бірлестіктен қатысқан ұстаздар өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, білім берудегі жаңашыл идеяларымен жан-жақты таныстырды. Музыка пәнінің мұғалімі Исмакулова А.Т, мектеп психологы Тотаева Л.К, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жексембиева А.А, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Усенкулованың жұмыстары үздік деп танылып, аудандық кезеңге жіберілді