21
апрель
2023
2023 жылдың 21 сәуір күні математика пәнінің мұғалімі Шора Д.Д. жас мамандар онкүндігі аясында 7«Ә» сыныбымен «Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану (есептер шығару)» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2023 жылдың 21 сәуір күні математика пәнінің мұғалімі Шора Д.Д. жас мамандар онкүндігі аясында 7«Ә» сыныбымен «Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану (есептер шығару)» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану, алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу. Ұйымдастыру кезеңінде “Сиқырлы қорап” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырды. Сабақ барысында «Word wall» әдісімен оқушыларға тапсырма берді, деңгейлік тапсырмалар берілді. Математикалық сауаттылыққа есептер қаралды,«joyteka.com» платформасы арқылы «Бөлмеден шық» квест ойынын ойнады. «DigitalMath» бағдарламасымен сабақты бекітуге тест алды