10
февраль
2023
«Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы»
2023 жылдың 8 ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Ермекбаева Айғаным Тұрғынбековна 6»г» сыныбымен «Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ұйымдастыру кезінде «Ағаштар» әдісі арқылы оқушыларға мінездеме беріп, жағымды ахуал қалыптастырды. Сабақ барысында «Бинго» әдісімен оқушылардан сұрақ -жауап алды. Математикалық сауаттылық есептері қаралды. Анаграмма әдісі арқылы сөз құрастырып, слайдтан ұлы ғалымның суретін көрсетті. «Аялдамада кездесу» әдісімен жұптық жұмыс орындатты. Пликерс әдісімен оқушылардан тест алды.