19
март
2026
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің кезекті отырысы өтті

2026 жылдың 19 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа пән мұғалімдері толық қатысып, төмендегі мәселелер қаралды:
⚡ 3-тоқсанның қорытындысы:
Мұғалімдер тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдап, оқушылардың оқу жетістіктері мен білім сапасына тоқталды. Әр сынып бойынша жетістіктер мен кемшіліктер сараланып, білім сапасын арттыру бағытында нақты ұсыныстар берілді.
⚡ 5-10 сыныптар бойынша аралық аттестаттауға дайындық жұмысы:
Оқушыларды аралық аттестаттауға жүйелі дайындау мақсатында жұмыс жоспары қарастырылды. Қайталау, бекіту сабақтарын ұйымдастыру, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, жеке және топтық дайындықты күшейту жолдары талқыланды. Сонымен қатар, оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Отырыс барысында білім сапасын арттыру және оқушылардың оқу жетістіктерін жақсарту бағытында нақты шешімдер қабылданды.