29
октябрь
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті

⚜️2025 жылдың29- қазанында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа пән мұғалімдері толық қатысып, төмендегі мәселелер қаралды:
📌1.1-тоқсанның қорытындысы:
Мұғалімдер тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдап, оқу бағдарламасының орындалу барысы мен оқушылардың білім сапасына тоқталды. Әр сынып бойынша жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды.
2. Пән бойынша байқауларға оқушыларды қатыстыру:
Мұғалімдер мектепішілік және аудандық байқауларға дарынды оқушыларды қатыстыру жоспарын жасап, жауапты педагогтерді белгіледі.
3. Әртүрлі мәселелер:
Жұмыс дәптерлерінің жүргізілуі, құжаттарды реттеу, ашық сабақ өткізу, оқу әдістемелік кешендерді жаңарту және оқушы мотивациясын арттыру бағытында ұсыныстар айтылды.
Отырыс барысы нәтижелі өтті.
Бірлестік жетекшісі:Сахова Назгүл Асқатқызы.