30
октябрь
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі отырысының хаттамасы.

⚜️Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі отырысының хаттамасы.
2025 жылғы 30 қазан
2025 жылдың 30 қазанында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің кезекті отырысы өтті.Отырысқа пән мұғалімдері толық қатысып, төмендегі мәселелер қаралды:
⚡️1-тоқсанның қорытындысы:
Мұғалімдер тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдап, оқу бағдарламасының орындалу барысы мен оқушылардың білім сапасына тоқталды. Әр сынып бойынша жетістіктер мен кемшіліктер сараланып, білім сапасын арттыру бағытында ұсыныстар берілді.
⚡️Пән бойынша байқаулар мен олимпиадаларға қатыстыру:
Мұғалімдер мектепішілік және аудандық деңгейдегі пәндік байқаулар мен олимпиадаларға қабілетті, дарынды оқушыларды қатыстыру жоспарын жасап, жауапты педагогтерді белгіледі.
⚡️Әдістемелік айлықтың қорытындысы талданды.
Жұмыс дәптерлерінің жүргізілуі, пән бойынша құжаттардың реттелуі, ашық сабақтардың өткізілуі, оқу-әдістемелік құралдарды жаңарту және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдары бойынша ұсыныстар айтылды.
Бірлестік жетекшісі: Жанибекова Гүлдерай Бекбайқызы