03
март
2026
Ризашылық пен ізет мерекесі


🌷 Ризашылық пен ізет мерекесі
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектебімізде ерекше құттықтау концерті ұйымдастырылды. Бұл мерекелік шара ардагер және зейнеткер ұстаздарымызға, сондай-ақ мектепке қолдау көрсеткен ата-аналарымызға арналды.
✨Ізгі тілектер айтылып, әсем әндер шырқалып, жүрекжарды алғыстар білдірілді. Ұстаздық жолында талай шәкірт тәрбиелеп, олардың бойына «Адал азамат» қасиеттерін егіп кеткен ардақты ардагерлерімізге ерекше құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар, мектеп өміріне белсене атсалысып, бала тәрбиесінде адалдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп жүрген ата-аналарға шынайы ризашылығымыз жеткізілді.
Алғыс айту – тек ризашылық білдіру ғана емес, ол үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету арқылы нағыз адал азаматқа тән игі қасиеттерді дәріптеу.
Осындай игі бастамалар шәкірттеріміздің мейірімді де сыйластығы мол, еліне адал қызмет ететін азамат болып өсуіне жол аша берсін!