10
октябрь
2025
«Әжемнің ертегісі»




✨«Әжемнің ертегісі»
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 📚“Балалар кітапханасы” жобасы аясында 4 ”А” сынып оқушыларына арналған «Әжемнің ертегісі» атты тамаша кездесу өтті.
Іс-шараға оқушылардың сүйікті әжесі Роза әжеміз қонақ болып, «Еңбектің наны тәтті» атты ғибратты ертегісін оқып берді. Ертегіні тыңдай отырып, балалар еңбекқорлықтың, адал еңбектің және төзімділіктің қадірін ұқты.
✨Роза әженің мейірімді, әсерлі ертегісі балалардың жүрегіне жылу сыйлап, еңбектің қадірін түсінуге жетеледі.
Ертегіден кейін оқушылар өз ойларын айтып, кейіпкерлерге баға беріп, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығын еске алды.
✨Бұл шараның басты мақсаты-балаларды еңбексүйгіштікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, сондай-ақ халық ауыз әдебиетін дәріптеу болды.
Кездесу соңында оқушылар әжесіне алғыс айтып ,естелік суретке түсті.