06
февраль
2026
«Конституциялық реформа – ел болашағының негізі»




🔰 2026 жылғы 06 ақпан күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Конституциялық реформа – ел болашағының негізі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
👥 Кездесуге аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ж.С. Жантелиев, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Қ. Сақыбай, аудандық мәслихат депутаты Р.Ә. Ахбанбетов қатысып, ұстаздарға конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндірді.
📍 Конституциялық реформа – мемлекеттің құқықтық іргетасын жаңғыртып, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам.
Бұл өзгерістер қоғамдағы ашықтықты арттырып, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтады және елдің тұрақты дамуына жол ашады.