30
январь
2026
“Отбасы құндылықтарын сақтау: дәстүр мен жауапкершілік” тақырыбында дөңгелек үстел


Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында “Отбасы құндылықтарын сақтау: дәстүр мен жауапкершілік” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
📝 Кездесуге аудандық билер кеңесінің мүшесі - Қырғызбаев Уали, Меркі ауылдық округі билер кеңесінің төрағасы - Абенов Сарсен, Меркі ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы - Байбосынова Роза және Меркі ауылдық округі аналар кеңесінің мүшесі - Ахаева Вера, сондай-ақ «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психологі Ширинхан Әсет қатысты.
🖋️ Қонақтар отбасы тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні жөнінде тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.
🖌️ Шара барысында ұлттық өнерге ерекше мән беріліп, домбыра тартылып, ән шырқалып, би биленді. Үлкендер жас буынға ақыл-кеңестерін айтып, тәрбиелік маңызы зор әңгімелер өрбіді. Кездесу соңында ақ баталар беріліп, жиын мазмұнды әрі әсерлі түрде қорытындыланды.