№9 Меркі кәсіптік колледжіне танымдық экскурсия » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №9 Меркі кәсіптік колледжіне танымдық экскурсия
23
январь
2026

№9 Меркі кәсіптік колледжіне танымдық экскурсия






🔰2026 жылдың 23 қаңтар күні кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9-сынып білім алушылары №9 Меркі кәсіптік колледжіне танымдық экскурсияға барды.
📌Экскурсияның мақсаты – білім алушыларды колледждің оқу-тәрбие үдерісімен, мамандықтарымен және материалдық-техникалық базасымен таныстыру, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
📍Экскурсия барысында оқушылар колледждің оқу кабинеттерін, зертханаларын, шеберханаларын аралап көрді. Колледж оқытушылары мен жауапты мамандар студенттер даярланатын мамандықтар, оқуға қабылдау талаптары, оқу мерзімі және түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
📎Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Экскурсия барысында 9-сынып оқушылары кәсіби білім берудің маңыздылығын түсініп, өз болашағын саналы түрде жоспарлауға мүмкіндік алды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив