02
декабрь
2024
«Сенің мамандығың, сенің келешегің» атты экскурсия
2024 жылдың 2 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «№9 Меркі кәсіптік колледжіне» «Сенің мамандығың, сенің келешегің» атты аспашы мамндығының ашық есік күні болып өтті. Осыған орай Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының 9 сынып білім алушылары экскурсияға барды. Онда білім алушыларымызға №9 Меркі кәсіптік колледжі директорының кәсіптік оқу жөніндегі орынбасары Омарбекова Е.А. ұйымдастыруымен колледждегі оқытылатын мамандықтар туралы таныстырып, ондағы студенттер қолданылатын ІТ мамандықтарының компьютерлік кабинеті мен дәнекерлеуші кабинеттеріне және аспазшы асханасына саяхат жасады. Сонымен қатар. Онда мектеп колледж студенттері ән айтып, би билесе, кулинария пән мұғалімдері тағам түрлерімен таныстырып, кішігірім ойындар жүргізді.