21
январь
2026
Құстардың тіршілік етуі мен ұя салуына қолайлы жағдайлар жасау




🏠Құстардың тіршілік етуі мен ұя салуына қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ақ елді мекендердегі білім беру ұйымдарының аумақтарында ұя жәшіктерін орналастыру бойынша экологиялық іс-шара өткізілді.
🔰Аталған іс-шара барысында білім беру ұйымдарының ғимараттары мен аула аумақтарына құстарға арналған арнайы ұя жәшіктері орнатылды. Іс-шараға педагогтер, білім алушылар және қызметкерлер белсенді қатысып, құстарды қорғау мен табиғатты аялаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
📎Бұл бастама жергілікті экожүйені сақтауға, құстардың санын арттыруға және жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жоспарлануда.