Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын
04
май
2017

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13307 болып тіркелді

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының19-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжауәдістемесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім ақпараттық технологиялар (Ж.А. Жонтаева) және Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту (Д.Ж.Каленова) департаменттері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
Министрі А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы 
№ 97 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) болжау – болжам жасау процесі;
2) болжау әдісі – болжам жасауға бағытталған болжау объектісін зерттеу тәсілі;
3) оқулық – Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартымен, үлгілік оқу жоспарымен және үлгілік оқу бағдарламасымен айқындалған оқу пәні (пәндер) бойынша білім мазмұнын жүйелі баяндайтын және оқу процесін ұйымдастырудың негізі болып табылатын кітап;
4) оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) – оқулыққа қосалқы берілген жекелеген және білім алушының оқу пәні (пәндер) бойынша білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;
5) экстраполяция әдістері – болжау нысанын болашақта дамыту үшін бұрынғы және қазіргі үрдістерді, заңдылықтарды, байланыстарды таратуға негізделген зерттеу әдісі.
3. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің (бұдан әрі – білім беру ұйымдары), техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ) оқулықтарға және ОӘК-не қажеттілігін болжаудың маңыздылығы 4 жылға қор жинау циклін есепке ала отырып келесі аспектілердің іске асырылуымен айқындалады:
1) тиісті оқу жылының басында қайта басылып шығарылған оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етуге қажетті білім алушылар санын анықтау;
2) оқыту тілі бойынша қайта басылып шығарылмайтын оқулықтар мен ОӘК-ті қосымша басып шығарудың және қайта басылып шығарылатын оқулықтар мен ОӘК-ті басып шығарудың 4 жылға арналған келешектегі динамикасын анықтау;
3)халықтың көші-қонын және өсімін есепке ала отырып, оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға арналған бюджеттік қаражаттың көлемін уақытылы жоспарлау.
4. Білім беру ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігін болжау үшін:
1) 10 жылда 1 рет ұдайы түрде жүргізілетін жоспарлы халық санағының қорытындысы, ел бойынша жалпы өңірлермен және елді мекендердегі халық санытуралы мәлімет береді. Олар халық санының өзгеру динамикасын (шынайы және механикалық (көші-қон) халықтың әрбір жас тобы бойынша (оның ішінде балалар бойынша) көруге мүмкіндік береді;
2) жас бойынша халықтың демографиялық көрсеткішінің динамикасы;
3) халықтың көші-қоны мен өсімін есепке алу;
4) сыныптар және оқыту тілдері, топтары бойынша білім беру ұйымдары, ТжКБ бөліндісінде келген және кеткен тәрбиеленушілердің және білім алушылардың санын анықтауға мүмкіндік беретін қозғалыс туралы деректер;
5) кітапхана қорының ағымдағы есепке алынған деректері (тозығы жеткен және ескірген оқулықтар мен ОӘК санын анықтау) негізгі дереккөздер болып табылады.

2. Білім беру ұйымдары мен ТжКБ ұйымдарының оқулықтарға және ОӘК-не қажеттіліктерін болжаудың әдістері

5. Болжау әдісі болжам жасау үшін қажетті болжау обьектілерін қарастыру тәсілін білдіреді.
6. Білім беру ұйымдарының және ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттіліктерін болжау үшін болжаудың сандық әдістері қолданылады.
7. Көптеген сандық әдістердің ішіндегі ең қарапайымы экстраполяция (уақытша немесе динамикалық қатарларды талдау) әдістері кіреді.
8.Экстраполяция әдісі болжау көрсеткішінің жылдық орташа коэффициентінің өсуі немесе кемуі есебіне негізделген.
9.Білім беру ұйымдарының және ТжКБ ұйымдарының оқулықтарға және ОӘК-не қажеттіліктерін болжау барысында мынадай аспектілер:
1) мектепке дейінгі ұйымдарда балалар контингентінің өзгерісін болжау;
2) бірінші сыныпқа балалардың келуі;
3) білім алушылардың көші-қонын болжау;
4) 9 (10)-сыныптан кейін ТжКБ ұйымдарына оқуға түсуі;
5) өңірлер бөліндісінде оқыту тілі бойынша білім беру ұйымдарының және ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттіліктері ескеріледі.
Білім беру ұйымдары және ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілікті болжау барысында тәрбиеленушілер мен білім алушылардың бастапқы саны, сыныптардың толымдылығы болашаққа «жылжиды». Бұл ретте көші-қон нәтижесінде, 9 (10)-сыныптан кейін ТжКБ ұйымдарына түсу (кету) есебінен кемиді және балалардың 1-сыныпқа келуі есебінен және көші-қон (келуі) нәтижесінде толығады.

3.Білім беру ұйымдарының, ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігін болжау технологиясы

10. Қор жинау циклі бойынша білім беру ұйымдарының оқушыларын оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз ету бойынша болжамдық есептеулер осы Әдістемеге1-қосымшаға сәйкес жекелей әр сынып және жалпы білім беру ұйымдары бойынша құрылады.
11. ТжКБ ұйымдарының білім алушыларын оқулықтар және ОӘК-мен қамтамасыз ету жөніндегі болжамдық есептеулер осы Әдістемеге2-қосымшаға сәйкес құрылады.
12. Білім беру ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК қажеттілігін мынадай екі түрде болжанады:
1) оқыту тілі бойынша білім беру ұйымдарының, ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігін қалыптастыру;
2) білім беру ұйымдарының, ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігін өңірлер бөліндісінде қалыптастыру.
13. Білім беру ұйымдарының, ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігін болжау мынадай екі бөлімнен тұрады:
1) білім беру ұйымдарының, ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігін бір оқу жылына анықтау;
2) білім беру ұйымдарының, ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігін бір оқу жылына және алдағы оқу жылдарына қажеттілігінің арасындағы байланысты орнату.
14.Білім беру ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігіне мыналар әсер етеді:
1) халықтың көші-қоны (b)
Білім алушылардың бір бөлігінің өңірден тыс жерге көшу үлесі b1, сонымен қатар, аймақтан тыс жерлерден көшіп келетін оқушылар b2 болса. Сонда шығындар мына шамамен бағаланады:

b = b2 – b1.

Бұл шығынға өңір (елді мекен) ішінде басқа білім беру ұйымдарына, ТжКБ ұйымдарына білім алуға ауысқан білім алушылар (b1) және басқа білім беру ұйымдарынан ауысып келген білім алушылар да(b2) жатады.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың санына қатысты көрсетілген сипаттамалар мынадай екі негізгі ұғымды қалыптастырады:
егер өзгеріс көрсеткішінің таңбасы оң болса, онда білім беру ұйымының, ТжКБ ұйымының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігі артады;
егер өзгеріс көрсеткішінің таңбасы теріс болса, онда білім беру ұйымының, ТжКБ ұйымының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігі кемиді.
2) Демографиялық фактор:
Бұл фактор білім беру ұйымының, ТжКБ ұйымының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігін екі жағдайға байланысты арттырады немесе кемітеді:
бірінші сыныпқа балалардың өткен оқу жылынан артық келуі (қажеттілік арттырады);
бірінші сыныпқа балалардың өткен оқу жылынан кем келуі (қажеттілік кемітеді).
3) ТжКБ ұйымдарына оқуға түсуі:
Ұсынылған фактор 9 (10)-сыныптан кейін білім алушылар контингентінің кемуіне әкелгендіктен, білім беру ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігінің кемуіне, сонымен қатар ТжКБ ұйымдары білім алушылары санының өсуіне әкеледі.
15. Оқыту тілі бойынша, сондай-ақ өңірлер бөліндісінде жалпы қажеттілікті болжау мақсатында әсер етуші мынадай:
1) білім беру ұйымдарының, ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігінің кемітетін;
2) білім беру ұйымдарының, ТжКБ ұйымдарының оқулықтар мен ОӘК-не қажеттілігін арттыратын факторлардың жиынтығы қарастырылады.

Мектепке дейінгі, бастауыш, 
негізгі орта және жалпы орта 
білім берудің жалпы білім беретін 
оқу бағдарламаларын, техникалық 
және кәсіптік білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын 
білім беру ұйымдарының оқулықтарға 
және оқу-әдістемелік кешендеріне 
қажеттілігін болжау әдістемесіне 
1-қосымша

Нысан

Қор жинау циклі бойынша білім беру ұйымдарының білім алушыларын оқулықтар және ОӘК қамтамасыз етуді болжау деректері

Мектеп кітапханасы қорынан 4 жылға ________ облысы _______ ауданы
________ мектебінің ____ сыныбы

Өңір

Білім алушылар саны


Оқу пәні

Оқыту тілі

Оқу басылымының түрі

Оқу басылымының ең жоғарғы саны

Қажетті оқулықтар мен ОӘК жалпы саны

20__/20__

20__/20__

20__/20__

20__/20__































Мектепке дейінгі, бастауыш, 
негізгі орта және жалпы орта 
білім берудің жалпы білім беретін 
оқу бағдарламаларын, техникалық 
және кәсіптік білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын 
білім беру ұйымдарының оқулықтарға 
және оқу-әдістемелік кешендеріне 
қажеттілігін болжау әдістемесіне 
2-қосымша

Нысан

ТжКБ ұйымдарының білім алушыларын оқулықтар және ОӘК қамтамасыз етуді болжау деректері

Кітапхана қорынан 4 жылға ________ облысы _______ ауданы
________ мектебінің ____ тобы

Өңір

Білім алушылар саны


Оқу пәні

Оқыту тілі

Оқу басылымының түрі

Оқу басылымының ең жоғарғы саны

Қажетті оқулықтар мен ОӘК жалпы саны

20__/20__

20__/20__

20__/20__

20__/20__























Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив