07
октябрь
2025
“Мектебіңе бір гүл сыйла” ЭКО-АКЦИЯСЫ

🌱 “Мектебіңе бір гүл сыйла” ЭКО-АКЦИЯСЫ 🌺
⚜️Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
2025 жылдың қазан айында мектебімізде “Мектебіңе бір гүл сыйла” атты экологиялық акция өтеді.
📌Акцияның мақсаты:
Оқушыларды табиғатты аялауға, туған мектебіне жанашырлықпен қарауға, экологиялық мәдениетке баулу.
♻️Іс-шара аясында:
- Сынып бөлмелерін көгалдандыру;
- Денсаулықты нығайту, ұйымшылдық пен тәртіпке тәрбиелеу;
- Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
🔰Баршаңызды белсене қатысуға шақырамыз!
Таза орта —біздің болашағымыз!