
🔰2026 жылдың 5- қаңтарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығын қорытындылауға арналған әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.
📍Отырысқа пән мұғалімдері қатысып, бірлестік жетекшісі Сахова Назгүл Асқатқызы есептік баяндама жасады.
ӘБ отырысында оқу сапасы, білім алушылардың пәнге қызығушылығы, түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысу деңгейі, құжаттардың жүргізілу тәртібі мен бағалау жүйесі қарастырылды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы жартыжылдықта атқарылатын жұмыстардың бағыттарын нақтылады.
Отырыстың нәтижесінде пән мұғалімдеріне оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, оқу жетістіктерін әділ бағалау, құжаттарды талапқа сай жүргізу тапсырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі:
Сахова Н.А.