14
ноябрь
2025
«Тәлімгер жұмысының тиімділігі, жас мамандардың қиындықтарын анықтау»



🔰14 қараша күні мектепішілік жоспарға сәйкес жас мамандар мен тәлімгерлер арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Тәлімгер жұмысының тиімділігі, жас мамандардың қиындықтарын анықтау» тақырыбында семинар өтті.
- Семинар барысында жас педагогтардың алғашқы қадамдары, кәсіби бейімделу кезеңіндегі негізгі қиындықтары, оларды шешу жолдары талқыланды.
- Тәлімгерлер тарапынан әдістемелік қолдау көрсету, сабақ жүргізу дағдыларын жетілдіру, кәсіби құзыреттілікті арттыру бағытында ұсыныстар берілді.
- Жас мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық диалог алаңы қалыптасты.
🤝 Семинар жас педагогтардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, тәлімгерлік жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталды.