20
октябрь
2025
“Ата сөзі- маған мұра”



⚜️2025 жылдың 17 қазан күні 3 сынып оқушыларымен “Ата сөзі- маған мұра” атты танымдық тәрбие сағаты өтті.
📜 Ата сөзі маған мұра
Атадан қалған асыл сөз – сан ғасырлық шежіренің үні, тарихтың сыры, халықтың жаны.
Қазақ халқы үшін сөз – жай ғана тіл құралы емес, ол – тәлім-тәрбие мектебі, рухани тәрбие құралы, ұлттың ұлағаты.
📎Ата сөзімен ұрпақ бойына ізгілік сіңірген дана жұртпыз.
Әрбір мақал – өмірдің мәнін ұқтырған,
Әрбір нақыл – жүрекке жетіп, жанға шипа болған.
Сол арқылы біз бүгінгі күнге аман жеткен, рухын жоғалтпаған елміз.
📌Іс-шараның мақсаты-аталардан қалған ғибрат алатын сөздерді балаларға ұғындыру.Сол сөзден өнеге алуға баулу , ойын дұрыс жеткізуге , тапқыр сөйлеуге ,салмақты ой айтуға үйрету. Оқушылар көрініс көрсету арқылы оқушылармыздың бойына ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру, жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөздерден ғибрат алғызды.Келген қонақтарымыз өз өнерлерін көрсетіп және ата-бабалармыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік сөздер өте көп айтылды. Осы сөздерден өнеге алар мақсатында өткізілді.
✨ Ата сөзі – аманат.
Жеті ата – мұра.
Қазақы тәрбие – ұлттың алтын діңгегі.
Бүгінгі ұрпақ – баба сөзіне құлақ асып,
Жеті атасын түгендеп,
Тарихы мен тегіне көз жүгіртсе –
Ел болашағы мықты,
Рухы биік,
Ниеті таза ұрпақ қалыптасары сөзсіз.