17
октябрь
2025
«Ерте жүктіліктің алдын алу»



⚜️2025 жылдың қазанның 17 күні 9–11 сынып қыздар арасында
«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
📌Жиналыстың мақсаты – жасөспірім қыздарға жыныстық тәрбие беру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, ерте жүктіліктің салдарын түсінуге және оның алдын алу жолдарын білуге үйрету.
📍Іс-шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышова Б. О. және педагог Аширбекова К.Ж қыз балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушылармен әңгіме, бейнеролик көрсету және сұрақ-жауап форматында пікір алмасу өтті.
📎Кеңес соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, ерте жүктіліктің алдын алу жолдары мен жауапкершілік туралы қорытынды жасады.