26
сентябрь
2025
«Ұл бала мен қыз баланың өзара қарым-қатынасы»

📌 «Ұл бала мен қыз баланың өзара қарым-қатынасы» атты дәріс сабақ
⚜️ Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасында құрметке, сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында дәріс сабағы өтті.
👦👧 Сабақ барысында оқушыларға ұл мен қыз арасындағы әдептілік, өзара сыйластық, шекара сақтау, тіл табысу мәдениеті туралы түсініктер берілді.
💬 Оқушылар пікір алмасып, нақты мысалдар арқылы өмірлік жағдайларды талдады.
🎯 Мақсаты – оқушылардың бойында жауапкершілік, адамгершілік, мәдениетті қарым-қатынас негіздерін қалыптастыру.