18
сентябрь
2025
«Смартфонсыз мектеп» жобасы іске асырылуда





⚜️Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Смартфонсыз мектеп» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба – білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын күшейтуге және олардың денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды бастама. Бұл жобаның басты мақсаты – мектеп аумағында оқушылардың смартфонды пайдалануды шектеу арқылы оқу процесіне алаңсыз назар аударуына жағдай жасау.
📌 Жобаның негізгі міндеттері:
1. Оқу сапасын арттыру – смартфонға тәуелділікті азайтып, оқушының назарын мұғалімнің түсіндірмесіне және сабақ материалдарына толық аудару.
2. Оқушы денсаулығын қорғау – ұзақ уақыт телефонға телміріп отырудың көзге, жүйке жүйесіне, ұйқы сапасына зиянын болдырмау.
3. Әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту – оқушыларды бір-бірімен бетпе-бет сөйлесуге, пікір алмасуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға үйрету.
4. Уақытты тиімді пайдалану – сабақтан тыс уақытта да пайдалы істерге, кітап оқуға, спортқа, өнерге көңіл бөлуге бағыттау.
📌 Жобаның күтілетін нәтижелері:
Сабаққа үлгерім мен қызығушылықтың артуы;
Оқушылар арасында кітап оқуға, дәстүрлі білім көздеріне қызығушылықтың оралуы;
Дұрыс қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы;
Телефонға тәуелділік деңгейінің төмендеуі.
Бұл жоба қазіргі замандағы аса өзекті мәселелердің бірі – цифрлық тәуелділіктің алдын алу үшін жасалған. Смартфонды мүлде тыйым салу емес, оны дұрыс пайдалануға дағдыландыру – жобаның басты идеясы.