15
октябрь
2024
"Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтанудың мәдениетін қалыптастыру
Меркі ауданының білім бөлімінің 2024 жылдың 7 қазан күнгі №1502 хатына сүйене отырып, мектепішілік жоспар құрылып, сол жоспармен жұмыс жасалуда. Ыстықтамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру, балаға дұрыс тамақтану ережесін үйрету мақсатында 2024 жылдың 8 қазан күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" атты онкүндіктің ашылуын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Жанбабаеваның ұйымдастыруымен ашылу салтанаты өтті. Ашылу жиынында мектеп директоры А. А. Қалқабаева сөз алып, оқушыларға пайдалы және дәруменді тағамдар туралы айтып өтті және де мектеп медбикесі Д. Батиева дұрыс тамақтану жайында айтты. 2 "Г" мен 3 "Г" сынып білім алушылары "Жеміс-жидек" тақырыбында сахналық қойылым қойып, 4-6 сынып білім алушылары тамашалады.