«Дұрыс тамақтану»
6 «Ә» сыныбында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында өткен сынып сағаты туралы ақпарат
Мектепішілік жоспарға сәйкес қараша айында 6 «Ә» сыныбында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында сынып сағаты өтті, сынып жетекшісі Таубаева Дамира Серикхановна. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениеті және әдебімен таныстыру, пайдалы және пайдасыз тамақ туралы түсінік беру, дастархан басында сақталатын рәсімдермен таныстыру, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушылар дұрыс тамақтану ережелеріне тоқталды, нақты айтқанда:
- Тамақта әртүрлі тағам өнімдерін пайдаланған тиімді.
- Тамақтану режімін сақтау керек.
- Тамақ ішер алдында қолыңды сабындап жуу керек.
- Тамақ әртүрлі жаңа өнімдер мен жеміс-жидектерден тұруы тиіс.
- Қант пен тәтті тағамдарды аз пайдалан жөн.
- Ащы тағамдарды көп жемеу керек. Сондай-ақ сынып сағатында
тамақтану мәдениеті туралы айтылды. Сынып сағатында оқушылар пайдалы және пайдасыз тағамдарды анықтап ұорытынды жасады. Пайдалы тамақтар: Майы аз ет, айран, балық, нан, өсімдік майы, сәбіз, пияз, орамжапырақ. Пайдасыз тамақтар: фанта, бәліш, кока-кола, чипсы, сникерс, шоколад, тәтті нандар, майлы қуырылған ет. Сынып сағаты өз деңгейінде жақсы өтті, оқушылар көптеген пайдалы ақпараттар алды.