Облыстық «Сабақ Time» жобасындағы ашық сабақ
Облыстық «Сабақ Time» жобасындағы ашық сабақ
«Сабақ Time» жобасы аясында «Использование эффективных методов в преподавании русского языка и литературы» тақырыбындағы облыстық ашық сабақтар циклында И.Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нагима Уисинбаевна Каймалакова өз тәжірибесімен бөлісті. Ұстаз Тараз қаласындағы №5 гимназиясында 10 сынып оқушыларымен «М.Булгаков. Повесть «Собачье сердце». Средства связи предложений в тексте.» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабағында мәтінді талдауға арналған графикалық органайзерлер «Персонаж на стене», «Круги на воде»; білім алушылардың сыни ойлауын дамытатын тәсілдері «Стартер», «Аллея сознания»; эссе жазудың тәсілдері «Полезный гамбургер», «Эссе из пяти предложений» тиімді көрсете білді. Сонымен қатар, шығарма бойынша жасаған Буктрейлермен жұмыс, quizizz цифрлық ресурс арқылы жасалған тест тапсырмасы, шығарманы өмірмен байланыстыру «Чудеса современной медицины» тақырыбында эссе жаздырту, «Имел ли право профессор Преображенский на научный эксперимент?» «Нужно ли в современном мире создавать искусственно человека?» проблемалық сұрақтарға жауап беру білім алушылардың сабаққа белсенділігін арттырып ойларымен бөлісуге мүмкіндік берді. Сабақта формативтік бағалаудың түрлі тәсілдері орын алды. Іс-шараға қатысқан облыс ұстаздары Н.У. Каймалакованың сабағына жоғары баға беріп, өз қоржындарын жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырғанын атап өтті.