18
ноябрь
2022
«Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері»
Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің айлығы барысында химия пәнінің мұғалімі Таубаева Дамира Серикханқызы 10 «А» сыныбында «Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта оқушылар өздері дайындаған презентацияны қорғады. Сабақта тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. «Логика және тәжірибе» деген тақырыпта жоба қорғап, функционалдық сауаттылыққа дайындалған тапсырмаларды орындады. Сонымен бірге, физика пәнінің мұғалімі Манкеева Жанна Абдихалыққызы 9 «А» сыныбымен «Ньютонның екінші заңы. Масса» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта мұғалім бейнефильмдер қолданды. Сабақ барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында есептер шешіп, деңгейлік тапсырмалар орындады. Сабақтың бекіту кезеңінде «Quizizz» әдісі арқылы тест сұрақтары алынды.