Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
14 қараша күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.
Мектеп асханасында қараша айында 874 білім алушы тегін тамақтанады, қалған білім алушылар ата – ананың есебінен тамақтанады. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.
Тағам ас мәзіріне сәйкес, бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Келген азық түліктің сертификаттары тексерілді, сәйкестігі, жарамдылық мерзімі. Ауыз су режимі сақталады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген. Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс бар. Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады.
7.11 тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктері жойылғаны айтылды Терезелерге москит сеткасы орнатылды, ас блогындағы светодиодный лампаның жарықтандыру жүйелерінің бір көзі ауыстырылды, қоймаға бір қосымша лампа орнатылды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Тауар көршілестігі сақталған, термометр бар, -2, -6 градус көрсетіп тур, бірақ термометрдың сертификаты жоқ. Термометрлерді сертификаттау бойынша аудандық санитарлық эпидимеологиялық станциясына сұраныс берілсін деп ДШІЖО К.Ж.Тажибаеваға, аспазши А.Жантаеваға комиссия тарапынан ұсыныс айтылды.