04
май
2023
«Білім беру ұйымдарында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытындағы нақты іс-шаралар»
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында педагогикалық ұжыммен «Білім беру ұйымдарында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытындағы нақты іс-шаралар» тақырыбында жиналыс өткізілді. «Соңғы қоңырау», «Мектеп бітіру» кештерін өткізу барысында және мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде заңсыз қаржы жинауға, сыйлық жасауға, дастарқан жасауға тыйым салынғаны туралы ескертілді. 4-сынып оқушылары үшін «Бастауыш сыныппен қоштасу» салтанатты жиын түрінде өткізуге тыйым салынып, тек сынып сағаттары ретінде өткізілу ұсынылды.