04
май
2023
Мерекелік іс-шаралар өткізу барысында заңсыз ақша жинауға тыйым салу.
Ата-аналар назарына!!!
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында әр сынып бойынша ата-аналармен жиналыс өткізілді. Мақсаты: Мерекелік іс-шаралар өткізу барысында заңсыз ақша жинауға тыйым салу. Атап айтқанда, «Соңғы қоңырау», «Мектеп бітіру» кештерін өткізу барысында және мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде қаржы жинауға, сыйлық жасауға, дастарқан жасауға тыйым салынғаны туралы ескертілді. 4-сынып оқушылары үшін «Бастауыш сыныппен қоштасу» салтанатты жиын түрінде өткізуге тыйым салынып, тек сынып сағаттары ретінде өткізілу ұсынылды. Заң алдында ақшалай не заттай сыйлықты беріп жатқан да, оны алған тұлға да жауапты екендігі айтылды.