22
апрель
2022
«Білім алушылардың білімдегі жетістіктерінің мониторингін» өткізу тәртібі туралы ата-ана жиналысы өткізілді.
21 сәуірде 2022 жылы «Білім алушылардың білімдегі жетістіктерінің мониторингін» өткізу тәртібі туралы ата-ана жиналысы өткізілді. Ата-аналарға білім алушылардың білімдегі жетістіктерінің мониторингісінің маңыздылығы, оған дайындық барысында оқушыларға үйде жағдай жасау қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, 4,9 сыныпта оқитын білім алушыларға жиналыс өткізілді, жиналыста 7 сәуірдегі 2022 жылғы №144 бұйрықпен бекілген 2021-2022 оқу жылындағы ҚР орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг ұйымдастыру және өткізу туралы әдістемелік нұсқаулықпен таныстырылды. ОБ ББЖМ білім беру ұйымдарында АКТ қолдана отырып, кешенді тестілеу нысанында оқыту тілінде үш бағыт бойынша жүргізіледі. 4 сыныптарда максималды балл-30 балл, оқу сауаттылығы – 10, математикалық сауаттылық- 12, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 балл, тест тапсырмаларын орындауға қарастырылған уақыт – 1 сағат 45 минут және әрбір 25 минут сайын 10 минут үзіліске шығуға болатыны айтылды. 9 сынып максималды балл-75 балл, оқу сауаттылығы – 30, математикалық сауаттылық- 13, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 32 балл, тест тапсырмаларын орындауға қарастырылған уақыт – 2 сағат 50 минут және әрбір 35 минут сайын 10 минуттық үзіліс оқушының қалауы бойынша. 4,9 сыныптарда пән мұғалімдерімен ОБ ББЖМ түсіндіру жұмыстары жүргізілді.