01
май
2023
«Дағдылар мен құзіреттіліктерді дамыту бойынша үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету»
2023 жылдың 27 сәуір күні Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында Меркі аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Дағдылар мен құзіреттіліктерді дамыту бойынша үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқытудың әдіс-тәсілдері мен құралдарын қолданудың тиімділігін көрсету. Семинарды мектеп директоры Калкабаева Асипа Асанқызы мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалдыбайқызы Салтанат ашты. Семинарға қатысушылар ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігінің ұстаздары мен оқушыларының жетістіктері көрмесін аралаудан басталды.
Іс-шара барысында ағылшын тілі пәні мұғалімі Базарбаев Е. психологиялық тренинг өткізді. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Кибраева Н.А. 9 "А" сыныбында «Square-eyed Teens» тақырыбында, Көбегенов Ғ.К. 9 Б сыныбында «Travelling» тақырыбында , Усенкулова Г.Қ. 7 "А" сыныбында «Fear and Phobias» тақырыбында және Ермаханова А. 3 "А" сыныбында «Fun places» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Пән мұғалімдері Өзбек А., Утепбергенова Д. «Эссенің құрылымы мен жоспары» тақырыбында және Болотина М. «Влияние функциональный грамотности на резултаты при подготовках к ЕНТ» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізді.
Сонымен қатар мектеп оқушыларының орындауында «The wizard world of Harry Potter» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтілді.